Павлодарда жиын-терім науқаны басталды

Павлодарда жиын-терім науқаны басталды. Биыл өңірде 1,55 млн. гектар жерге егін салынған. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда, 102 мың гектарға артық. Қазір дәнді дақылдар мен көкөніс өнімдерін жинау қызу жүріп жатыр. Осы уақытқа дейін жалпы өнімнің 8 пайызы жиналды. Орташа түсім 8-9 центнерді құрайды. Осы жылы 700 мың тоннаға жуық астық бастырылады - деп күтіліп отыр. Биыл Павлодар облысы майлы дақылдардың егістік алқабын 30 пайызға ұлғайтты. Жиын-терім жұмыстары қазан айында аяқталады - деп жоспарланған.

ГҮЛМИРА ӘЙТКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ:

Биыл енді майлы дақылдарға басымдық беріліп отыр. Майлы дақылдардың егіс алаңы айтарлықтай өсіп отыр. 676,3 мың гектарды құрап отыр. Бұл өткен жылғы деңгейден 157 мың гектарға артық. Яғни, өткен жылы 518 мың гектар алқапқа егілген болатын. Сондай-ақ, қарақұмық егісінде  атап өтуге болады. Биыл 7,3 гектарға артық. 61 мың гектарды құрап отыр. Қарақұмық біздің облыс үшін басым дақыл ретінде танылып отыр.