Құрылтай медиация институтына айналады

Елдегі кез келген күрделі түйткілді шешуде сөзі өтімді, халық сеніміне ие тұлғалардың орны айрықша дейді сарапшылар. Сондай-ақ, бір палаталы жоғары заң шығару органының құрылуы - елдің әкімшілік-басқару жүйесін күшейтетінін айтады. Ал уақыт өте келе, берік конституциялық негіздер экономиканың дамуына, инвестиция көлемінің артуына, халықтың сеніміне және елдің ұзақ мерзімді тұрақтылығына тірек болатын үлкен капиталға айналады. Құрылтай халық пен билік арасын жалғайтын әрі елдегі кез келген даулы мәселені шеше алатын медиация институтына айналуы тиіс дейді.

ТАЛҒАТ ҚАЛИЕВ, САЯСАТТАНУШЫ:

Құрылтай бұл халықтың биліктегі өкілдігі. Халық оларды сайлап, өз құқықтарын сеніп тапсырады, демократияның мәні де осында. Егер халық қалаулылары аймақтарда шынымен беделді, сыйлы азамат болса, олар кез келген процесте медиатор бола алады.