«Байтақ» жасылдар партиясының мүшелері Алматы мен Шымкент қаласында сайлаушылармен кездесті

«Байтақ» жасылдар партиясының өкілдері Шымкент қаласындағы «Тұлпаравтобөлшектер» базарының қызметкерлерімен кездесті. Жүздесу ашық диалог форматында өтті. Орталық қызметкерлері партия өкілдеріне алдағы сайлауға қатысты тілектерін білдірді. Ал, Алматыда партия мүшелері Алматы -2 теміржол вокзалында сайлаушылармен кездесті. Өз бағдарламасын жолаушыларға таныстырған «Байтақ» партиясының өкілдері түрлі ұсыныс-пікірлерді де тыңдады. Мәселен, қаланы абаттандыру, қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және ауа сапасы секілді өзекті сұрақтар көтерілді. Жиында теміржол саласы мамандарының көкейінде жүрген сұрақтар да талқыланды.

АЛМА ҚАРАШ, «БАЙТАҚ» ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫ АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙҒА КАНДИДАТ:

Теміржол саласының әр маманы экологиялық мәдениетті өзі түсіне білгені дұрыс. Күніне мыңдаған шақырым шарлайтын бұл азаматтардың еңбегі адал. Бірақ, жолаушыларға да машинистер мен жолсеріктер, туған жерге де деген құрметті түсіндірсе екен дейміз. Себебі, жер-Ана және оған құрмет – барлығымызға ортақ міндет.