Жеке медицинаны дамыту мәселелері талқыланды

Қазақстандағы жекеменшік медицинаның дамуы мен инвестиция тарту мәселелері талқыланды. "Ақ жол" партиясының төрағасы Дания Еспаева еліміздің әр өңірінен келген жеке клиника басшылары және дәрігерлермен кездесті. Жиында лицензиялау, қаржыландыру, инвестиция тарту және медициналық инфрақұрылымды дамыту мәселелері көтерілді. Бүгінде Қазақстанда 16 мыңға жуық лицензияланған жеке клиника бар. Ал салаға салынған инвестиция көлемі шамамен 2,5 триллион теңгеге жеткен. Партия өкілдері жеке медицинаны дамытуға жағдай жасау маңызды екенін атап өтті. Кездесу соңында "Ақ жол" партиясы, Медициналық инвестициялық альянс және Медициналық инвестициялық одақ арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Жеке медицина өкілдерінің негізгі талабы- мемлекет оларды бәсекелес емес, серіктес ретінде қарауы керек. Өйткені жеке медицина дамыған сайын мемлекеттік бюджетке түсетін салмақ та азаяды. Жекеменшік клиникалар инвестиция тартып, жаңа жұмыс орындарын ашып, сапалы медициналық қызмет көрсетіп келеді. Бұдан ең алдымен азаматтар ұтады. Сондықтан біздің міндетіміз осы саланы қолдау.