Air Astana Дубайға рейстерді тоқтатты

фото: pixabay

Парсы шығанағындағы тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana Алматы мен Астанадан Дубайға ұшатын рейстерді 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін орындамайды. Сондай-ақ қазан айындағы ұшу кестесі өзгеріп, рейстер жиілігі қысқартылды.

Билет сатып алынған жерде ешқандай айыппұлсыз толық құнын қайтарып алуға болады. Билетті 2026 жылғы 20 қарашаға дейінгі рейстерге (сол брондау класы бойынша) тегін ауыстыруға болады.Тариф айырмашылығын төлей отырып, билетті әуе компаниясының басқа халықаралық бағыттарына ауыстыру мүмкіндігі бар.