Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, 1 қыркүйектен бастап балалардың әлеуметтік-эмоционалдық дағдылары мен өмірге төзімін дамытуға негізделген “Жеке қауіпсіздік” курсы енгізіледі.
Оған қоса тағы бірнеше жаңа пән енгізіледі:
5–7 сынып оқушыларына “Конституция негіздері”;
8–11 сынып оқушыларына міндетті “Заң және тәртіп” сабағы оқытылады.
“Құқық негіздері” пәні енді міндетті болады. Оның мазмұнына жаңа Конституцияның негізгі қағидаларын оқыту да енгізіледі