Харри Кейн «Бавариядан» кету туралы әңгімеге нүкте қойды

© Stuart Franklin / Staff / Getty Images Sport

Англия құрамасының шабуылшысы Харри Кейн мюнхендік «Бавариямен» келісімшартын ұзарту жөнінде келіссөз жүргізетінін растады. Футболшы Германияда қалуға ниетті екенін жасырмады.

1Бол! ақпаратынша, бұған дейін 33 жастағы шабуылшы мен мюнхендік клубтың 2029 жылға дейін есептелген жаңа келісімшартты талқылап жатқаны хабарланған еді.

Кейннің сөзінше, тараптар жақын арада келіссөз үстеліне отырады және қазіргі таңда футболшы мен клуб арасында ешқандай түсініспеушілік жоқ.

«Қазіргі келісімшартымның аяқталуына бір жыл ғана қалды. Сондықтан бұл мәселені талқылайтын уақыт келді. Келесі аптада немесе одан кейінгі аптада сөйлесеміз. Бұл мәселеде екі тарап та асығыстық танытып отырған жоқ», – деді Кейн.

Харри Кейн «Бавария» сапына 2023 жылдың тамызында қосылды. Содан бері ол мюнхендік клубпен Германия чемпионы атанып, ел Суперкубогын жеңіп алды. Ағылшын шабуылшысы «Бавария» сапында барлық турнирді есептегенде 147 матч өткізіп, 146 гол соққан және 33 нәтижелі пас берген.

Кейн 2026 жылғы әлем чемпионатында да нәтижелі ойынымен көзге түсті. Ол жеті кездесуде алты рет мергендік танытып, Англия құрамасының қола жүлде иеленуіне үлес қосты. Сонымен қатар Кейн 85 голмен Англия құрамасы тарихындағы ең үздік сұрмерген мәртебесін сақтап келеді.