Павлодар облысы Баянауыл ауданындағы Жасыбай көлінде құтқарушылар жеті демалушыға көмек көрсетті. Олар желдің күшеюі мен су айдынындағы толқынға байланысты катамарандармен өздігінен жағаға жете алмаған.
Құтқарушылар оқиға орнына жедел жетіп, жеті демалушының барлығын жағаға жеткізді. Олардың арасында 2014 және 2020 жылы туған екі бала болды. Демалушыларға медициналық көмек қажет болған жоқ.
ТЖМ ескертеді: жел күшейіп, су айдынында толқын пайда болғанда және ауа райы қолайсыз болған жағдайда суға шығудан бас тарту қажет. Суға шығар алдында ауа райы жағдайы мен су айдынының ахуалын бағалап, құтқару кеудешесін пайдалану және қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажет.