Мерт болғандардың біреуі – шабуылшының өзі. Мұны Ұлттық полиция өкілдері мәлімдеді. Олардың сөзінше, қанды оқиға Замбаонга қаласының университетіне тиесілі орта білім мекемесінде болған.
Полицияның алдын ала мәліметіне қарағанда, 9 сыныптың баласы сыныпқа тапаншамен және автоматпен кіріп, оқ жаудырып, 10 жасар оқушыны өлтірген.
Екі жеткіншек жараланды. Қазір оқиғаның себебі тексеріліп жатыр.