Алматыда 5 мыңнан астам студентке жатақханада орын жетіспейді

Алматыда 5 мыңнан астам студентке жатақханада орын жетіспейді. Сала министрі бұл мәселе жыл соңына дейін шешімін табады деп сендірді. Келер, оқу жылынан бастап, еліміздегі барлық студентке жатақханадан орын үлестіріп беру цифрландырылып, электронды форматта жүзеге асырылады.

САЯСАТ НҰРБЕК, ҚР ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЖОҒАРЫ БІЛІМ МИНИСТРІ:

Былтыр бізде 10 мыңға жуық төсек-орын берілді. Биыл 18 жатақхана, жалпы 6857 төсек орынмен іске қосу жоспарланған. Жаңа жатақханалар жастардың сұранысына сай, жайлы форматта жасақталуда. Оның стандарттары күшейтілді. Мысалы, Астана қаласында Қазақ ұлттық спорт университетінде жаңа 2 жатақхана 1,5 мыңнан астам студентті орналастыруға дайын.