"Лифт тоқтап қалған жағдайда арнайы кілтпен ашады", - маман

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2026

Лифтіде қалып қойды. Ауа жетпей тұншықты. Көпқабатты үйлерде осындай жағдайлар жиі кездеседі. Жедел саты істен шыққан кезде не істеу керек? Көмекті қалай шақырады? Әріптесім Әйгерім Есенкелді айтып береді.

БЛИЦ:

- Мен әйнекті лифтіде қамалып қалғам. Ең жаманы ол жерде бәрі көрініп тұрғаны. Қауіпсіз емес, кез келген сәтте лифт жерге құлап әйнектер кесуі мүмкін еді.

- Орталық студия маңында тұрамын. Жарық жоқ. Сәл болмағанда лифтіде қалып қоя жаздадым.

- Лифттен менде де фобия. Бір рет жұмыстағы лифтқа мінгенде ол бір жерге тоқтап қалды, жарығы өшіп, ішінен қазір жарылатын сияқты сигналдың даусы шыққан. Одан ішінен қатты жел соғып, қозғалып тұрды. Кнопкалары жұмыс істемейді. Содан лифттің есігін тарсылдатып қақтым, біреу естіп келіп техниктерді шақырды. Содан кейін қатты қорқамын.

Қала тұрғыны Назым Мақсұтқызы да жедел сатыға қамалып қалған. 13-қабаттан түсетін кезде жарық өшкен. Барынша үрейге бой алдырмауға тырысқан.

НАЗЫМ МАҚСҰТҚЫЗЫ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:

Батырманы басып көрдім. Бірақ ол бізде жарық өшкен себебінен жұмыс істемеді мее. Бірақ шынымен, иә, менде мүлдем қандай жағдай, қалай, не істеу керегі маған түсініксіз болды. Яғни, мен оған мүлдем дайын болмадым.

Иә, қамалып қалған кезде сасқаннан кей адамдар есікті күш салып ашқысы келеді. Сырттан тұрғындар көмекке келіп, әрекет етеді. Алайда мамандар бұл жағдайды одан әрі ушықтыратынын айтады. Десе де бұл арада темір емес, адам өмірі тұр.

ӘЙГЕРІМ ЕСЕНКЕЛДІ, ТІЛШІ:

Жарық сөніп не ақау пайда болған лифтіде қамалып қалсаңыз, алдымен дүрбелеңге берілмей, сабыр сақтаңыз. Арнайы батырманы басып, диспетчермен сөйлесіп, көмек келгенше күткен жөн. Есікті жұлқылап ашуға тырысудың да қажеті жоқ дейді мамандар.

Сабырлық сақта, саспа деп айту оңай. Бірақ дем жетпей, қараңғыда қалғанда қорқыныш бойды билейтіні анық.  Негізі лифті сыртында оны ашу үшін саңылау болады. Бірі білсе, бірі мән беріп қарамаған болар. Оның арнайы кілті де бар. Тек оны мамандар ғана қолдана алады, ал тұрғындар өз бетімен ашуға тырысса, қауіпке тап болуы мүмкін дейді.

ҰЛАН ТАТЫГУЛОВ, ЛИФТІМЕН ЖАБДЫҚТАУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Міне, мынадай кілт болады. Осы кілтпен ашып, маман келіп ашады. Маман келіп ашып, ішіндегі адамды шығарып алады. Бұны адамның өзі қолдануына болмайды. Тек специалисттер келіп қолданады. Датчик ARD деген болады. ARD деген система ол, аккумуляторный система. Свет өшіп қалған жағдайда жақын қабатқа келіп тоқтайды.

Сондай-ақ жер сілкінісі кезінде жүруін автоматты түрде уақытша тоқтататын лифтілер орнатылуда. Ал жарық сөніп қалса, қазіргі лифтілер жақын қабатқа тоқтайды. Диспетчермен байланыса алмаған жағдайда да, лифт ішінде оны орнатқан компания мамандарына хабарлассаңыз көмекке келеді.