Атыраулық кәсіпкер әйел бір емес бірнеше кәсіпті басқарып, 100-ге тарта адамды жұмыспен қамтып отыр. Бүгінде Фатима Төлееваның цехында дайындалатын үй жиһаздары жергілікті халық арасында ғана емес, маркетплэйстарда жоғары сұранысқа ие. 4 баланың анасы кәсіпкерлікпен бірге қоғамдық жұмысты тең ұстап, әлеуметтік бастамалардың жүзеге асуына үлес қосып жүр.
Дәл қазір цехта жас отбасына арналған үй жиһазы жасалып жатыр. Шикізат еліміздің өзге қалалары мен алыс-жақын мемлекеттерден тасымалданады. Бірақ басты мақсат халыққа қолжетімді бағада кең таңдау ұсыну,- дейді кәсіпкер Фатима Төлеева. Ол «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы арнайы станокқа тапсырыс беріп қойған. Кәсіппен айналасамын деген қыз-келіншектерге мемлекеттік қолдау көп,- дейді.
ФАТИМА ТӨЛЕЕВА, КӘСІПКЕР, АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ- ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІДЕГІ КОМИССИЯ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:
90-жылдары біздерде ондай мемлекеттік бағдарламалар болған жоқ. Біз тек қана 29 пайызбен кредит алып жұмыс жасадық. Даму бағдарламамынң арқасында мен мысалы станоктарды алдық. Даму бағдарламасы арқасында тарговой орталықтар салып жатырмыз. Қанша істердің берекетін көріп, кәсіпбіздің нәсібін көріп жатырмыз. Аудандарда жүріп қыздардың, кәсіпте жүрген қыздардың қаржылық сауатсыздығын көрдім, сосын құқықтық сауаттылығы төмен. Бұл әйелдерді оқыту керек.
Бүгінде аймақтағы кәсіпкерлердің әр екіншісі нәзік жанды. Әлеуметтік кәсіпкер ретінде тіркелген 91 адамның 87сі әйел адам. Көпшілігі ерекше балаларды дамыту, білім, медицина саласы бойынша еңбек етуде. Фатима Төлеева отбасында қолдау болса, әйел бағындырмайтын сала жоқ,- дейді. Бүгінде аймақтағы әйелдер істері, отбаслық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия төрағасының орынбасары ретінде көптеген әлеуметтік бастамалар, жобалар мен қайырымдылық шаралардың басы-қасынан табылады. Өз ісін бастаған нәзік жандылардың қатарында 25 жылдан бері бизнес саласында еңбек етіп келе жатқан Сана Жанабай да бар. Бүгінде ол қағаз қаптама өндіретін кәсіпорынды басқарып, ірі компаниялармен жұмыс істейді. Кәсіпкердің айтуынша, осы жылдар ішінде жинаған тәжірибесі өндірісті дамытуға және тұрақты серіктестік орнатуға мүмкіндік берген.
САНА ЖАНБАЙ, КӘСІПКЕР:
Бізге түрлі компаниялардан тапсырыстар түседі. Жылдан жылға айналым өсіп жатыр. Күніне мыңдаған қаптамаларды өндіреміз. Әрине енді, әйел адамға мұндай үлкен кәсіпорынды жүргізу оңай емес. Сондықтан кәсіпкер әйелдерді қолдау бағдарламалары болғаны маңызды.
Өз ісінде табысқа жеткен кәсіпкер әйелдер – қоғамның қозғаушы күші. Олар ауыл-аймақтарда жатқан қыз-келіншектердің жан-жақты дамуына арналған «Томирис» секілді жобалар өміршең болса, әйелдердің әлеуеті арта түседі деген пікірде.