Ақтөбеде тұрғындарға тынығатын орын көбейіп келеді. Ең қызығы - бұл жұмыстарға бюджеттен бір тиын да жұмсалмайды. Кәсіпкерлер туған қаласына тарту жасап, қараусыз жатқан аумақтарды көркейітпек. Мәселен, бұған дейін қараусыз қалып, шаңы шығып жатқан мына аумаққа қазір көз тоймайды. Кеше ғана күтім көрмеген жер бүгін шағын жасыл аллеяға айналған. Алтынсарин көшесіндегі бұл сквер - кәсіпкерлердің туған қалаға жасаған сыйы. 2000 шаршы метр аумақ толықтай демеушілердің қаржысына абаттандырылған. Гүл егіліп, толықтай жарықтандырылды. Орындықтар антивандалдық болаттан жасалған. Жалпы Ақтөбеде биыл 26 саябақ салынбақ.