Құрылтай сайлауын 777 шетелдік байқаушы бақылайды

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2026

Құрылтай сайлауын бақылауға 777 шетелдік байқаушы қатысады. Олардың қатарында 42 мемлекет пен 13 халықаралық ұйымның өкілдері бар. Саяси науқанға 41 елдің парламенттерінен 138 депутат келеді. Сонымен қатар, сайлау процесін бақылауға 22 мемлекеттің орталық сайлау органдарының өкілдері қатысады. Олардың ішінде 11 сайлау комиссиясының төрағасы бар. Бұған қоса, Құрылтай сайлауын ақпараттық тұрғыдан жария ету үшін шетелдік және халықаралық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де келеді.

ЕРЛАН ӘЛІМБАЕВ, ҚР СІМ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ ЕЛШІСІ:

Бүгінге 29 елден 38 шетелдік журналистер тіркелді. Оның географиясы өте кең. АҚШ-тан бастап, Бразилия, Еуропа елдері бар. Польша, Үндістан Швейцария Чехия солай кете береді. Журналистердің басы 20 тамыздан бастап келе бастайды. 21 тамызда толықтай келеді деп күтіп отырмыз.