«Байтақ» бизнес өкілдерімен экологиялық мәселелерді талқылады

  • AstanaTV
  • 18 тамыз 2026

«Байтақ» партиясының өкілдері Алматыдағы индустриялық аймақтардың біріне барып, 15-ке жуық кәсіпорын басшыларымен және бас инженерлерімен кездесті. Жиында өндірістің қоршаған ортаға әсерін азайту, экологиялық қауіпсіздікті күшейту, жасыл экономикаға көшу мәселелері талқыланды. Әсіресе, ескі шиналар мен түрлі қалдықтарды, балық өнімдерін өңдейтін және қоқысты сұрыптайтын кәсіпорындардың жұмысына назар аударылды. Кәсіпкерлер өндіріс орындарын жаңғыртуға және экологиялық талаптарды жетілдіруге қатысты ұсыныстарын жеткізді.

АЛМА ҚАРАШ, «БАЙТАҚ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Кәсіпкерлерді де, қарапайым тұрғындарды да алаңдататын ортақ мәселе бар. Ол – қолайлы жағдай мен қажетті инфрақұрылымның болуы. Мысалы, индустриялық аймақта су мәселесі бар. Қазір бұл мәселе шешіліп жатыр. Жақын уақытта толық реттеледі деп үміттенеміз. Сондықтан бизнеспен тығыз жұмыс істеу қажет.