Қазақстан Халық партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Алматы облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті. Олар сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын таныстырып, қарапайым жұмысшылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап берді. Кездесу ашық диалог форматында өтті. Еңбеккерлер өздерін толғандыратын мәселелерге байланысты ұсыныстарын айтты. Диалогқа ерекше балалардың ата-аналары республикалық одағы мен Қазақстанның үздіксіз білім беру қауымдастығының өкілдері де қосылды. Олар өз кезегінде қауымдастық мүшелерін толғандыратын мәселелерді ортаға салды. Форум флешмобпен аяқталды. Оған кәсіпорынның төрт мыңдай қызметкері қатысты.
ДАМИР ДИГАЙ, ҚХП АТЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:
Бұл ұжымда 6 мыңдай қарапайым жұмысшы бар. Олар Қазақстанда өндірілген отандық брендті әлемдік нарыққа шығаруға бар күш-жігерін салып жатыр. Жұмысшылар әлеуметтік даму мәселесін қолдайды және болашақта міндетті түрде үлкен жетістікке жетеміз деген сенімде.