«Ауыл» партиясының өкілдері ірі шаруашылық ұжымымен жүздесті

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Ақмола облысының Сандықтау ауданында болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Олар Приозерное ауылындағы жылқы және қара мал өсіріп, егін егумен айналысатын ірі шаруашылық ұжымымен жүздесті. Кездесуде ауыл тұрмысының сапасын арттыру, мал шаруашылығын дамыту, мемлекеттік қолдау сияқты өзекті мәселелер қозғалды. Сонымен қатар партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауылдықтарды толғандырған сұрақтарына жауап берді.

СЕРІК ЕГІЗБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ, ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Халықтардың мәселесі енді әлеуметтік жағынан көп мәселе болып отыр. Көптеген ауылдарда мектептер жабылып қалып жатыр, ол неліктен, адам көшіп кетіп, бала санын жетпегесін сондықтан мектеп те, толғандыратын жағдайлар.