«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері елорданың еңбек ұжымдарымен кездесті

«Ақ жол» демократиялық партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткерлер Астанадағы №3 автобус паркінің ұжымымен кездесті. Жиында кандидаттар саяси ұйымның сайлауалды бағдарламасын таныстырып, қатысушылармен тұрғын үй саясаты мен жас отбасыларды қолдау, шағын және орта бизнеске жағдай жасау мәселесін талқылады. Автопрак қызметкерлері қаржылық сауаттылықты арттыру, қоғамдық көлікті дамыту, сала қызметкерлерін әлеуметтік қолдауға қатысты сұрақтарын қойды. Дәл осындай кездесу елорданы жылумен қамтамасыз етіп отырған кәсіпорын мен отандық абаттандыру және көгалдандыру материалдарын шығаратын зауытта өтті.

БЕРІК ДҮЙСЕНБИНОВ, «АҚ ЖОЛ» ДЕМОКРАТИЯЛЫҚ ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

Сапалы жолаушы тасымалымен қамтамасыз ету Астананың ажырамас бір бөлігі. Осы қызметті қамтамасыз етіп отырған азаматтардың көңіл-күйін, жағдайларын, қандай өтініштері бар екен, азаматтардың жағдайымен танысып, өзіміздің үгіт-насихатымызды жасап келдік бүгін. Елді алаңдатып отырған бүгінгі күнкөріс қамы, қымбатшылық, тұрғын үй мәселесі.