SIM-карта рәсімдеу кезінде биометриялық сәйкестендіру енгізіледі

  • AstanaTV
  • 19 тамыз 2026

Енді sim-карта алу үшін бет-әлпетті сканерлеу қажет. 20 тамыздан бастап ұялы байланыс саласында жаңа талаптар күшіне енеді. Операторлар тариф бағасын көтеретін болса, абоненттерді кемінде екі ай бұрын SMS арқылы ескертуге міндетті. Тарифтің жаңа бағасы мен шарттары ресми сайтта да жариялануы керек. Сонымен бірге, балансында бірлік болмаса да, ЕГОВ, ЕГОВ БИЗНЕС Е ӨТІНІШ және АЙТУ сервистерін қолдану тәулік бойы тегін қолжетімді болады. Ал смартфон сатушылары құрылғыны сатылымға шығармай тұрып, оның ресми верификациядан өткенін тексеруге міндетті.