ҚХП өкілдері зейнеткерлермен кездесті

Қостанайда Қазақстан Халық партиясы өкілдері зейнеткерлермен кездесті. Жиын барысында партияның алдағы мақсат-міндеттері, сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары таныстырылды. Негізінен әлеуметтік салаға қатысты мәселелер сөз болды. Медицина, білім берудегі түйткілдер ашық айтылып, оларды шешудің тетіктері талқыланды. Сондай-ақ ауыл аймақтың әлеуетін арттырып, тұрғындардың тұрмыс жағдайын жақсарту бағытындағы партияның жұмыс бағдары жайлы пікір алмасты.

НҰРЖАН БИЯКАЕВ, ҚХП АТЫНАН ДЕПУТАТТЫҚҚА КАНДИДАТ:

Сайлаушылар, негізінен ауыл тұрғындары шағын мектептер, онда  оқитын балалардың жағдайы, елді мекендерде медициналық қызметкерлердің жетіспеушілігі сияқты мәселені жиі көтереді. Осыларды нақты шешу үшін заңға өзгерістер енгізу керек. Дұрыс жүйеленіп, қабылданған заң арқылы ғана бұл мәселелерді жөнге келтіруге болады.