Үкімет Мемлекет басшысының тапсырмаларын жүзеге асыруда: ұлттық жобалар негізгі салалардағы нәтижелерді қамтамасыз етуде
Үкімет Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың экономика мен әлеуметтік саланы жаңғырту жөніндегі тапсырмаларын іске асыруда. Бұл бағытта бірқатар ұлттық жобалар аяқталып, жаңа жобалар жүзеге асырылуда.
«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 217 мектеп салынды. Жаңа білім ошақтарында 217 мыңнан астам оқушы білім алуда.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» жобасы бойынша 655 алғашқы медициналық-санитариялық көмек нысаны пайдалануға берілді. Нәтижесінде медициналық көмек шамамен 1 млн ауыл тұрғынына жақындай түсті.
Қазір «Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту» және «Қолжетімді интернет» ұлттық жобалары іске асырылуда. Бүгінде шамамен 6,3 млн адам тұрақты жылумен қамтылған, ал жоғары жылдамдықты интернет пен 4G және 5G байланысы миллиондаған азаматқа қолжетімді.
Сонымен қатар энергетикалық қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған жаңа «Көмір генерациясын дамыту» ұлттық жобасы басталуда.
Ұлттық жобалар білім беру, денсаулық сақтау, энергетика, коммуналдық инфрақұрылым және цифрландыру салаларында нақты нәтижелер беріп, азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.