Енді дубляжды 5 минутта жасауға болады

Енді дубляжды 5 минутта жасауға болады. Отандық зерттеушілер дыбыс пен эмоцияны еш өзгеріссіз аударатын жасанды интеллект технологиясын іске қосты. Жүйе сөйлемнің құрылымын сақтап қана қоймай, әлемдік киноиндустрия туындыларын да ана тілімізде сөйлетуге қабілетті. Отандық жобаның  ерекшелігін тілшіміз Назерке Алтынбек айтады.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Дәл қазір бұл бұл видеома ЖИ дубляж жасайтын болады.  Яғни, менің дауысымды, эмоциямды еш өзгеріссіз ағылшын тіліне аударып береді. Ал ең бастысы, ана тіліміздегі дыбыстық ерекшеліктер өзгермейтін болады.

Мамандар енгізген тапсырманы жасанды интеллект лезде қабылдап, әуелі қазақша, кейін ағылшын тілінде жазбаша нұсқада ұсынды. Өңделіп, тексерістен өткен мәтін қайта дыбысталды. Бес кезеңнен тұратын күрделі процесске бар болғаны үш-ақ минут уақыт кетті. Нәтижесі таң қаларлық. Жүйе сөйлемнің құрылымын, интонация мен табиғи екпінді мүлтіксіз қайталады.

МУТАЙХАН ӘЛМУБДИ, RESEARCH ASSISTANT:

ЖИ өзінің бір миы бар. Сол ми үлкен ақпара нәтижесінде, үлкен ақпаратты қамту арқылы, өзі бұрын соңды көрмген ақпаратпен жұмыс жасай алады.  200мб дейінгі файлдарды, видеоларды аудара аласыздар. Бұл негізі, біраз шамадағы аудио, видео файлдар. Видеоның заңдылықтарына, аданың мимикасына қарай өңдейді.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Иә, бұл жүйе тек қазақ тілімен шектелмейді. Платформа 6 тілді өзара еш кедергісіз аудара алады. Мәселен, дәл қазір мен жасалған жұмыстардың ішінен ерекше туындыға көзім түсіп тұр. Бұл  әлемге танымал «Өрмекші адам» фильмі. Жасанды интеллект Голливуд жұлдыздарын да біздің тілде сайратып үлгерген. 

ҰЛЖАН ӘЛІБЕК, ИНСТИТУТТЫҢ СЫРТҚЫ БАЙЛАНЫСТАР МЕНЕДЖЕРІ:

Қазақ тілінде дубляж жасау қатты кең таралмаған. Қазақстандықтар айтып жатады. Неге біз өз елімізде тұрып,  кнолар қазақ тілне аударылмайды деп. Сол мәселені шешу бойынша ол көмектеседі  деп ойлаймыз. Бұл бірінші ерекшелік - қазақ тілін дамыту. Екіншісі , адамның эмоциясын, өзінің даусын сақтайды.

Алгоритм құрылымына қазақ, өзбек, қырғыз, түрік, ағылшын және орыс тілдері арнайы енгізілген. Себебі, ғаламтор кеңістігінде Азия халықтарының тілдерінде цифрлық деректер қоры әлі де шектеулі. Ғалымдар бұл олқылықтың орнын толтыруды мақсат етіп отыр. Алдағы уақытта тізім жаңа тілдермен толығады. Айта кетейік, жүйе тек сала мамандарына емес, кез келген тұтынушыға қолжетімді.