Павлодарда көлік жүргізушілері бағдаршам түсінің ауысуын алдын ала көре алады. Бұл жаңашылдық көлік қозғалысын реттемек. Яғни, діттеген жерге жету үшін бағытыңызды алдын ала жоспарлап, уақытыңызды үнемдейсіз. «Яндекс» қосымшасы арқылы жолдағы бағдаршамның қанша уақытта ауысатынын біліп, жылдамдық режимін реттеуге болады. Навигатор арқылы көше қиылысындағы бағдаршамның түсі сіз барғанша, неше минут, секундта ауыстатынын білуге болады. Бұл бірінші кезекте қызыл түске өтіп кетпеуге, жылдамдықты азайтуға мүмкіндік береді. Ең бастысы -қауіпсіздік. Жол картасы сәт сайын жаңарып, сізге керекті ақпаратты дауыстық хабарлама арқылы айтып отырады. Бұл көлік қозғалысын ыңғайлы етуге көмектеспек.
ЕРДОС ЖҮСІПОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:
Сервис 180-нен астам бағдаршамды, яғни қаланың бағдаршам желісінің шамамен 95 пайызын қамтиды. Бұны қолдану үшін қосымша тіркелу қажет емес. Тек яндекс карта қосымшасын ашып, керекті нүктені автокөлік бағытын құрып, осы кезде бағдаршам бойынша деректер ескерілетін болады. Алдағы уақытта жасыл толқындар және кептелістерді болжамдау функциялары дамыту жоспарлануда.