ЖСДП әйелдер форумын өткізді

Ақтөбеде әйелдер форумы өтті. Қоғамдық өмірге белсенді аталысып жүрген қыз-келіншектер жиынын Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұйымдастырды. Ашық форматтағы кездесуде әйелдер көшбасшылығы, өскелең ұрпақ алдындағы жауапкершілік, мемлекеттік басқару ісіне етене араласуы сөз болды. Шараға өңірдегі үкіметтік емес ұйымдар, бизнес саласы, қоғамдық бірлестік өкілдері мен студенттер қатысты.

АЖАР САҒАНДЫҚОВА, ЖСДП ӘЙЕЛДЕР ҚАНАТЫ ЖЕТЕКШІСІ:

Қазақстанда 5 мыңнан астам үкіметтік емес ұйым бар. Олардың 89%-ын әйелдер басқарады. Бұл - азаматтық қоғамның мәселелерін шешіп, өзекті мәселелерді көтеріп және шешімін тауып жүрген белсенді әйелдер.