«Ауыл» партиясы Абай облысындағы еңбек ұжымдарымен кездесті

«Ауыл» партиясынан Құрылтай депутаттығына кандидаттар Абай облысына жұмыс сапарымен келіп, бірқатар еңбек ұжымдарымен кездесті. Басқосуларда ауыл шаруашылығы, әлеуметтік сала, жергілікті тұрғындардың еңбегі және табиғи ресурстарды қорғау мәселелері талқыланды. «Семей орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватының жұмысшыларымен кездесуде орман шаруашылығындағы өзекті мәселелерге назар аударылды. Қарағайлы орманды қалыпына келтіру, жасыл алқапты қорғау мен ұлғайту үшін атқарылатын жұмыстар талқыланды.

ЖИГУЛИ ДАЙРАБАЕВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНАН ҚҰРЫЛТАЙ ДЕПУТАТТЫҒЫНА КАНДИДАТ:

«Қаладан-ауылға» деген облыс әкімшілігі ұйымдастырған бағдарламасын, осының бәрін зерделедім. Абай облысы соңғы төрт жылдың өзінде құрылыс саласында, ауыл шаруашылық саласында, әлеуметтік салада осының бәрінде біздің жергілікті тұрғындардың атқарып жатқан жұмыстары.