«Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері еңбек ұжымымен кездесті

  • AstanaTV
  • 20 тамыз 2026

Шымкентте «Ақ жол» демократиялық партиясының өкілдері елде теңдесі жоқ алюминий банкалар мен қақпақ шығаратын өндіріс орнына барды. Құрылтай депутаттығына кандидаттар заманауи автоматтандырылған желілердің жұмыс барысын көріп, өндіріс орындарының технологиялық мүмкіндіктерімен танысты. Сапар барысында кәсіпорынның тыныс-тіршілігі, өндірістік қуаты, еңбек жағдайы және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру бағыттары сөз болды. Кандидаттар отандық өндірістің дамуына үлес қосып отырған кәсіпорын қызметкерлерінің еңбегіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ басқосуда партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылып, ұжым мүшелерінің сұрақтары мен ұсыныстары тыңдалды.

ДАНИЯ ЕСПАЕВА, «АҚ ЖОЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әрине несиелері бар. Соның бірінші сұрағы осы несиені арзандату сонымен қатар баспана алу. Заң ретінде кіргізіп, осындай қарапайым халыққа баспана алуды қолжетімді ету біздің міндетіміз деп ойлаймын.