Respublica партиясы қолдаушыларының форумы өтті

Астанада Respublica партиясы қолдаушыларының форумы өтті. Саяси бірлестік төрағасы Айдарбек Ходжаназаров елордалық жас белсенділермен кездесті. Ашық әңгімеде жастар өздерін толғандырған мәселелерді ортаға салып, болашақ мамандық таңдау, өзін-өзі дамыту және қоғамдық-саяси өмірге араласу туралы сұрақтарын қойды. Жастардың бірі саясаттан алыс қатарластарын қоғамдық іске қалай тартуға болатынын сұраса, бірі саясатқа енді қадам басқан жастарға қандай кеңес берерін білгісі келді. Ел өңірлеріне жасаған сапарлары, жастардың өз жолын табуы және таңдаған мамандығында табысты болуы туралы да әңгіме өрбіді. Айдарбек Ходжаназаров жастарды өз күшіне сеніп, бастамадан қорықпауға шақырды.