ШҚО-да қос азаматтығы бар 35 тұрғын жауапқа тартылды

Фото: Мади Искаков

Көші-қон қызметі басқа мемлекеттің азаматтығын қабылдай тұра, қазақстандық паспорттарды пайдалануды жалғастырғанөңір тұрғындарын анықтады.

Ведомствоның мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 550-ден астам адам басқа мемлекеттердің азаматтығын алғаннан кейін Қазақстан азаматтығын жоғалтқанын тіркеді. Олардың негізгі бөлігі басқа мемлекеттердің азаматтары атанды. Алайда көші-қон қызметі өкілдерін алдауға тырысқандар да табылған.

«Кейбірі әлеуметтік, зейнетақы және басқа да мемлекеттік жеңілдіктерді сақтап қалуды көздеп, елге кіру және тұру үшін қазақстандық құжаттарды пайдалануды жалғастыруда», - деп түсіндірді ІІМ.

Азаматтық саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін 35 адам жауапкершілікке тартылды26 жағдайдаазаматтар шетелдік азаматтықты алғаны туралы белгіленген мерзімде хабарламаған. Тағы тоғызыҚазақстан Республикасының паспортын немесе жеке куәлігін пайдалануды жалғастырған.

«Көші-қон қызметі қызметкерлері осындай жағдайлардың бірін облыс орталығының 64 жастағы тұрғынынан анықтады. Ол басқа мемлекеттің азаматтығын алғанымен, бұл туралы уақтылы хабарламаған және қазақстандық құжаттарды пайдалануды жалғастырған. Тексеру барысында әйелдің құжаттары тәркіленіп, азаматтықты жоғалту тіркелді», - деп толықтырды ІІМ.

Полиция Қазақстанда қос азаматтыққа тыйым салынғанын еске салды.

Егер адам басқа елдің паспортын алса, ол бұл туралы көші-қон қызметіне уақтылы хабарлап, Қазақстан Республикасының құжаттарын өткізуге міндетті.