Алғаш рет депозиттегі қаражат 30 трлн теңгеден асты

Фото: depositphotos.com

Қазақстандықтардың банктегі депозиттері алғаш рет 30 триллион теңгеден асты.

Тек 2026 жылдың екінші тоқсанында салымдар 1,9 триллион теңгеге, яғни 7%-ға өскен. Бұл туралы Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры хабарлады.

Талдаушылардың мәліметінше, бір жыл ішінде депозиттердің жалпы көлемі 18,3%-ға артқан. Депозиттің 96%-ы ұлттық валюта, ал шетелдік валютамен жинақталған депозиттердің үлесі алғаш рет 20%-дан төмендеген.