Трассада көлік бұзылса, енді тегін көмек көрсетіледі

фото: «ҚазАвтоЖол»

Көлігіңіз жолда бұзылды ма немесе дөңгелегіңіз жарылды ма? Енді республикалық трассаларда жүргізушілерге «ҚазАвтоЖолдың» арнайы техникалық көмек пикаптары тегін қызмет көрсетеді.

Пилоттық жоба әзірге Астана – Аршалы және Астана – Теміртау бағыттарында іске қосылды.

Көмек шақыру үшін 1403 байланыс орталығына хабарласу жеткілікті.

Мамандар: дөңгелек ауыстыруға; техникалық ақау кезінде алғашқы көмек көрсетуге; қажет болса көлікті сүйреп шығаруға көмектеседі.

Жаңа сервис жүргізушілерге жедел көмек көрсетіп, жолдағы қауіпсіздікті арттыруға бағытталған.