OpenAI компаниясы 13 пен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған ChatGPT-тің арнайы нұсқасын іске қосады.
Жаңа нұсқада ықтимал қауіпті контенттен, соның ішінде өзіне-өзі зиян келтіру, суицид және сексуалдық сипаттағы материалдардан қорғау күшейтіледі.
Чат-бот оқу мен үй тапсырмаларын орындауға да көмектеседі. Алайда ол дайын жауапты бірден ұсынбай, жасөспірімге мәселенің шешімін өз бетінше табуға бағыт-бағдар береді.
Ата-аналар үшін «тыныш сағаттар» режимі мен қауіпсіздік туралы хабарламалар қарастырылған. Ата-ана бақылауын жасөспірім мен ересек адамның келісімі болған жағдайда ғана қосуға болады. Егер жүйе қолданушының жасы 18-ге толмағанын анықтаса, оны автоматты түрде жасөспірімдерге арналған ChatGPT нұсқасына ауыстырады.