22-24 тамыз аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады.
Қазгидромет мәліметінше, алдағы демалыс күндері солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.
Кей жерлерде қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.
Қазақстанның батысына антициклон жотасы әсер етеді. Сондықтан бұл өңірлерде жауын-шашынсыз күн райы сақталып, ауа температурасы көтеріледі.
Күндіз ауа температурасы 34-39 градусқа дейін жетіп, қатты ыстық болады.