Солтүстік Қазақстан облысында 7 адамнан кене энцефалиті анықталды

Солтүстік Қазақстан облысында кене энцефалиті анықталды. Жаз маусымында аталған індет 7 адамнан табылған. Абырой болғанда барлығы дін аман, дейді сала мамандары. Қазір науқастар ем қабылдап жатыр. Кене энцефалиті жағдайларының басым бөлігі былтыр Айыртау ауданында анықталса, биыл теріс көрсеткіш Қызылжар ауданына тиесілі болып отыр. Жалпы жыл басынан бастап аймақта 766 адамды кене шаққан. Оның 217-сі балалар. Сондықтан эпидемиолог мамандар жұртты сақ болуға шақырады.

АЙНАШ САҒАНДЫҚОВА, СҚО БОЙЫНША САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСПАСӨЗ ХАТШЫСЫ:

Кене шағудың профилактикалық шараларына келетін болсақ, ол ең бірінші - вакцинация болып табылады. Вакцинация адамға тұрғылықты жері бойынша емханаларда жүргізіледі. Және де спецификалық шараларға келетін болсақ, ол ең біріншіден ұзың жеңді, ақ түсті киімдерді кию ұсынылады.