Оралда 93 жасында да еңбектен қол үзбеген ардагер тұрады. 40 жыл бойы әуежай диспетчері болған Александр Бодров бүгінде де тың. Қартайдым деп қарап отырмайтын ол көпқабатты үйдің ауласын өзі абаттандырып, тіпті көршілеріне де қол ұшын созады. Бұзылған техниканың түр-түрін өзі жөндейтін шебер ақсақал тіпті пәтерін де өзі безендіріп жатыр екен. Ал ұзақ жасаудың құпиясы мен сергектіктің сыры еңбекте, дейді.
АЛЕКСАНДР БОДРОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ, ТЫЛ ЕҢБЕККЕРІ:
Мен еңбекке бала кезден құштармын. Білген жанға аяқ-қолың сау болғанның бір бақыт. Онкологиядан жазылғаныма 5-10 жыл болды. Қазір бос отыра алмаймын. Тіпті шегені майыстырмай қақсам да, біреуге пайдамды тигізгім келеді.
Жұбайымен жарты ғасыр отасқан Александр ақсақал екі ұл өсіріп, немере сүйіп отыр. Көңілі құлазыса, зайыбымен бірге ән салатын өнері де бар. Пәтерінде қамалып отырмайтын еңбекқор қарияны көршілері де ерекше құрметтейді.
АНТОНИНА ГИДЛЕВСКАЯ, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Ауладағы ағаштардың көбін Александр өзі отырғызды. Үнемі суарып, күзге дейін күтіп-баптайды. Ауламыздағы орындық сынса, үйіміздің жарығы өшсе, Александр Фёдорович бірден көмекке келеді. Осындай көршіміздің барына біз ризамыз.