"Байтақ" жасылдар партиясы сайлауалды науқанды қорытындылады

Байтақ жасылдар партиясы да сайлауалды үгіт-насихат тобының жұмысын тоқтатты. Осы электоралды кезеңде партия мүшелері елдің түкпір-түкпірін аралап, экологиялық бағытта біршама жиын өткізген. Кездесу барысында аймақтарда қордаланған тақырыптар талқыланып, оны шешу жолдары қарастырылды. Партия төрағасының сөзінше ұйым жақтастарының ауқымы кеңейді. Тіпті, құрылғалы бері біршама өңірде филиалдар ашылып, жүйелі жұмыс тәртібіне көшті. Ал, бұл жолғы сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын да партия өкілдері алға тартуда. Нәтижесінде мыңнан астам жиын өткізілді. Бүгін партияның отыз күнде атқарған жұмысын әлемдік бақылаушылар тексеріп жатыр.

АЗАМАТХАН ӘМІРТАЕВ, "БАЙТАҚ" ЖАСЫЛДАР ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Сайлауалды жұмыстардың бүгін соңғы күні. Әрине, біздің партияластарымыз әр аймақта, әр ауылда, әр ауданда, әр облыс орталығында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Біздің партиямыз үгіт-насихат экологиялық керуенін жүргізді. Аралдан бастадық. Сол арқылы, Арал арқылы әлемдік экологиялық катастрофаны көрсеттік. Бұл бізге маңызды екенін жеткіздік.