«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады

«Ауыл» партиясы үгіт-насихат жұмыстарын қорытындылады. Jetisy саябағында науқан кезінде атқарылған жұмыстар пысықталды. Бір ай ішінде партия өкілдері мен депутаттыққа үміткерлер еліміздің барлық өңірін аралап, 4 мыңға жуық іс-шара ұйымдастырған. Олар ауыл тұрғындарымен, еңбек ұжымдарымен, фермерлермен, кәсіпкерлермен, жастармен және сарапшылармен кездесті. Пікір алмасу кезінде сайлаушылар жұмыспен қамту, халықтың табысын арттыру, кәсіпкерлікті дамыту, жол, су, энергетикалық инфрақұрылым, интернет, сондай-ақ білім және медицина салаларындағы өзекті мәселелерді көтерді.

ҚАЙРАТ АЙТУҒАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

1,5 млн адаммен кездестік. Қазір біз сайлаудан кейін келісімшартқа отырғалы жатырмыз Ауыл телекоммен. Қазір 2000-нан аса ауылда оптика волокон салынған. Ауылдың қасынан өтеді магистраль Қалған ауылда интернет жоқ 5 жылдың ішінде 4 млннан аса ауылдың халқы интернетпен қамтиды. Біз енді шалғай аудандарға барып, осындай үлкен шара істедік.