Сарапшылардың айтуынша, Ата заңдағы нормалар елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына негіз болып, кәсіпкерлікті қолдау тетіктерін күшейтеді. Конституцияда отбасы институтын қорғауға да ерекше басымдық берілген. Негізгі заңда неке ер мен әйелдің заңды түрде тіркелген тең құқықты одағы ретінде айқындалып, ана, әке және баланың мемлекет қорғауында болатыны конституциялық деңгейде бекітілді. Бұл отбасы құндылықтарын нығайтып, қоғамның тұрақтылығы мен елдің орнықты дамуына құқықтық негіз қалыптастырмақ.
НАЗГҮЛ ТҰЯҚБАЕВА, ҚР КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТЫНЫҢ САРАПШЫСЫ:
Адам өмірдегі алғашқы тағылымын отбасында алып, құрмет көрсетуді, жауапкершілікті сезінуді, және жақындарына қамқор болуды үйренеді. Конституция отбасын ерекше қорғауды ең жоғары құқықты деңгейде бекітеді. Өйткені отбасы ұрпақтарды байланыстырып, адамгершілік құндылықтарды сақтайды және қоғамның негізін қалыптастырады. Отбасының беріктігі қоғамның тұрақтылығы мен азаматтардың болашаққа деген сенімін тікелей әсер етеді.