«Заң мен тәртіп» мемлекет пен қоғамның ең басты қағидатына айналуы керек

«Заң мен тәртіп» мемлекет пен қоғамның ең басты қағидатына айналуы керек. Бұл – Мемлекет басшысы саясатының басты негіздерінің бірі. Қазақстан 2030 жылға дейін осы идеологияны ілгерлету тұжырымдамасын жүзеге асырып жатыр. Бұл - бір реттік науқан немесе техникалық құжат емес, ұзақ мерзімді ұстаным. Президенттің жақында жарық көрген «Әділетті қоғамға – шыншыл сөз» жинағында да аталған тақырыпқа ерекше мән берілген. «Азаматтардың құқықтары лайықты қорғалмаса, әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан даму мүмкін емес. Бұл – аксиома, ақиқат» - дейді, Президент. Бұдан бөлек «Әділетті Қазақстан көз алдымызда құрылып жатыр. Әрқайсымыз түрлі қорқыныштардың, стереотиптер мен жалған сенімнің шырмауында қалсақ та, артқа жалтақтамай, алға қадам басуымыз керек» деп алған беттен таймай, әділетті қоғам құруға әрбір азаматты шақырады.

ҒАЛЫМ ЖАЙЛЫБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:  

Сапалы халық қана күшті мемелекет құра алады деген ой айтады. Шын мәнінде бүгін адамзат баласы ақыл-ой аламанына түсіп, үлкен бір парасаттың уақыты болып тұр. Кез келген мемлекеттің тұрақтылығының, адамдардың өмір сүру сапасының негізі – заң мен тәртіпте. Қазір біз әділетті қоғам құрамыз деп жатқан уақытта осыған бір бөлім арнап, осының ішінде де үлкен-үлкен орамды ойлар  айтылады. Болмаса жастар туралы, өңірлер туралы тақырыптар бар. Осының барлығын бір үлкен даңғылға салатын ойлардың жиынтығы деп есептедім.