Атырау әуежайында ниқаб киген алты әйел жауапқа тартылды

Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Атырау әуежайында көлік полицейлері қоғамдық орында бетін толық жауып, жеке басын тануға кедергі келтіретін киім киген алты әйелді анықтады.

Көліктегі полиция департаментінің мәліметінше, әйелдердің барлығы Атырау қаласының тұрғындары. Олар 26 шілдеде «Атырау – Стамбұл» бағытындағы әуе рейсімен шетелге ұшып кеткен.

Тексеру барысында әйелдердің қоғамдық орындарда адамның бет-жүзін тануға кедергі келтіретін киім киюге қатысты заң талаптарын бұзғаны анықталған.

Олар тамыз айының басында елге оралғаннан кейін құқық бұзушылық жасағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ескерту берілген. Сонымен қатар профилактикалық және түсіндіру жұмысы жүргізілді.