Оқиға түскі уақытта патрульдеу кезінде басталған. Аягөз ауданында полиция шамамен 14:00 шамасында қызметкерлеріне жүгінген әйел немересін үйден су алып келуге шығып кеткенін, алайда біраз уақыт өтсе де баланың қайта оралмағанын айтқан. Жақындары баланы өз беттерінше іздегенімен, нәтиже болмаған. Баланың жоғалғаны туралы ақпаратты алған сәттен бастап полиция қызметкерлері уақыт жоғалтпай іске кірісті.
Жеті жастағы баланың қай бағытқа кетуі мүмкін екенін болжап, айналаны қарай бастайды. Оқиға орнына келген ювеналдық полиция қызметкерлері де уақыт жоғалтпай баланы бірден су жағасынан іздейді. Айналадағы аумақты жедел шолып шыққан тәртіп сақшылары көп ұзамай іздеудің оң нәтижесін тапты. Бала үйінен шамамен екі квартал жердегі аумақта ойынның қызығына беріліп жүрген жерінен анықталды. Бала үшін ойынға кеткен санаулы сәттер болса, әжесі үшін ол уақыт уайымға толы ұзақ минуттарға айналған. Ал полиция қызметкерлері үшін әрбір минут маңызды еді. Баланың амандығына көз жеткізген патрульдік полиция қызметкерлері оны жақындарына табыстады.
Оқиға қайғылы жағдайға ұласпай, тәртіп сақшыларының жедел әрекетімен сәтті аяқталды. Жоғалған баланы қысқа уақыт ішінде тауып, отбасына қуаныш сыйлаған Аягөз аудандық полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының қызметкерлері Ардақ Тұрсынғалиұлы және Медет Дүйсембаев. Кейде тәртіп сақшысының жедел шешімі мен кәсіби қырағылығы бір отбасының уайымые сейтіп, баланың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге себеп болады.