Түркістанда тұрғындарға интернет-алаяқтықтан сақтану бойынша мыңға жуық жадынама таратылды

Polisia.kz

Түркістан қаласында интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Азаматтарға алаяқтықтың кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, жеке мәліметтерін, банк картасы мен есепшот деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ интернет-алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген мыңға жуық жадынама таратылды. Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың қаржылық ұсыныстарына сенбеуге шақырады.