Ең алғашқы болып Оңтүстік Кореядағы отандасымыз өз таңдауын жасады. Ол -Корея университетінің студенті Ажар Каримжанова. Ал Токиодағы сайлау учаскесінде алғаш болып отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді. Ол қазақ қоғамындағы әділеттілік, заңдылық пен даналықтың символы саналатын Би бейнесінде келген. Шетелдегі барлық дауыс беру учаскелері Қазақстанның дипломатиялық өкілдіктерінің аумақтарында ұйымдастырылған.
ӘЛІШЕР ӘЗІМБАЕВ, СТУДЕНТ:
Құрылтай қазақ тарихындағы ел тағдырын шешкен ұлттық жүйе. Осы Құрылтайға өз үмітімізді артамыз. Біз елдегі оң өзгерістерге сенеміз және сол өзгерістердің белсенді қатысушысы болуға дайынбыз.