Банкирді өлтіргенін мойындаған Тоқмади қашып, артынша ұсталды.

  • AstanaTV
  • 10 наурыз 2018
  • 1929
   

Осы апта мерекелік реңкте өтті. Бірақ өмір мейрамға бағынсын ба, күлімсіремейтін жаңалық жетеді. Мысалы, кеше Таразда Ұлттық қауіпсіздік комитеті банкир Тәтішевті өлтірді деп айыпталып, тергеліп жатқан кәсіпкер Мұратхан Тоқмадиді ұстады. 8-наурыздың кешінде оның облыстық ауруханадан қашып кеткені туралы хабар шыққан. Іздестіру шаралары жүріп жатқанын айғақтайтын бейнежазбалар тараған. «Интерфакс» агенттігі ІІМ-ң өкіліне сілтеме жасап, оның былай дегенін жазды - «барлық мәлімет ҰҚК-де, бұл солардың қарауындағы іс, Тоқмадиді ұстаған солар, ал негізі кәсіпкер солардан – солардың қызметкерлері күзеткен жерден қашып кеткен». Ал кеше ҰҚК –ң баспасөз қызметі «Тоқмади Жамбыл облыстық ауруханасынан 8-наурызда 19 сағат 20 минутта қашып шықты. Ол сот процесі кезінде ауырып жүргенін айтып, шағымданған, тиісінше, уақытша облыстық ауруханаға жатқызылған еді... Тоқмади тез ұсталды, қазір қамалды. Оның қалай қашып шыға алғанын анықтау шаралары қолға алынды», деген хабарлама мен Тоқмадидің «қате істедім» деп отырғаны түсірілген видео таратты. 

Тоқмади былтыр қазан айынан колонияда етін, бопсалаумен және заңсыз қару-жарақ айналымымен айналысты деген айыппен 3 жылға сотталған. Сотталған кейін ол 2004 жылы «Тұран Әлем банкінің» басшысы Ержан Тәтішевті банкир Мұхтар Әбләзівтің тапсырысымен атып өлтіргенін мойындаған. Тергеушілер мен сот сараптамасы қызметкерлеріне ақша беріп, «сатып алғанын» айтқан. Ал Тәтішевтің өлімі бойынша Тоқмади 2007 жылы 1 жылға сотталып, амнистиямен босап шыққан, аң аулап жүргенде абайсызда өлтіріп алды деген айыппен.