Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін де дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Елімізде бұл топқа жататын кәмелетке толған 600 мыңнан астам азамат бар.
АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:
Сайлау учаскелерінде мүгедектігі бар азаматтарға да дауыс беруге барлық жағдай жасалған. Талапқа сай пандустар бар. Ал көру және есту қабілеті төмен азаматтарға арнайы көмекші құралдар қойылды. Қарағанды облысында бүгін мүгедектігі бар 5 мыңнан астам өз таңдауын жасайды.
16-ыншы сайлау учаскесінде есту қабілеті төмен азаматтар «портативті индукциялық жүйе»- ні қолданып дауыс береді. Құрал бөгде дыбыстарды жойып, сайлаушыға тек комиссия мүшесінің сөзін ғана естіртеді екен. Ал көзі нашар көретін азаматтарға арнайы аудиожазба мен брайль шрифті және лупа қойылды. Жүріп тұру үшін түрлі- түсті жолақтар салынған. Қажет болса комиссия мүшелері жәшікке дейін жетуге, бюллетеньді толтыруға да көмектеседі.
САЛТАНАТ МАҚАЕВА, №16 САЙЛАУ УЧАСКЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Көзі нашар көретін сайлаушыларға да арналған үлкейткіш әйнектері бар. Шрифтісін үлкейтіп, кішірейтуге болады. Түсін де өзгертуге болады.Әр жаңағы мүгедектігі бар азаматтарға қолайлы жағдай жасап отырмыз.
АЙЖАН ҚУАШ, ТІЛШІ:
Елімізде кәмелетке толған мүгедектер саны- шамамен 600 мың. Кейбірі учаскеге өздігінен келе алмайды. Заң талаптарына сәйкес олар үйден дауыс береді. Мамандар азаматтарға арнайы жәшік апарады.