Сағат 10:00-де қазақстандықтардың 17,96%-ы дауыс берді

Фото: ҚР ОСК

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамыз сағат 10:00-дегі жағдай бойынша елімізде 2 264 411 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 17,96%-ын құрайды.

Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу көрсеткіші ең жоғары Қызылорда облысында – 22,91%. Одан кейін Қарағанды облысы – 21,06%, Жетісу облысы – 20,87%, Ақтөбе облысы – 20,28% және Түркістан облысы – 20,39% көрсеткішке ие.

Ал ең төменгі белсенділік Алматы қаласында – 9,96% тіркелді. Астанада бұл көрсеткіш 17,01%, Шымкентте 20,39% болды.

Өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші:

  • Абай облысы – 17,35%;
  • Ақмола облысы – 18,91%;
  • Алматы облысы – 17,19%;
  • Атырау облысы – 18,75%;
  • Батыс Қазақстан облысы – 17,97%;
  • Жамбыл облысы – 18,25%;
  • Қостанай облысы – 17,92%;
  • Маңғыстау облысы – 16,92%;
  • Павлодар облысы – 15,98%;
  • Солтүстік Қазақстан облысы – 17,52%;
  • Ұлытау облысы – 19,41%;
  • Шығыс Қазақстан облысы – 19,93%.

Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 12:00-де жарияланады.