Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауын жоғары бағалады

  • AstanaTV
  • 23 тамыз 2026

Халықаралық байқаушылар Құрылтай сайлауын жоғары бағалады. Елдегі саяси науқанды 777 халықаралық маман бақылауда. Оның 617-сі 13 халықаралық ұйымның атынан келген. Таңғы 7-ден бастап, сайлау учаскелерінде өз қызметіне кіріскен байқаушылар ұйымдастыру жұмыстарының жоғары деңгейде жүргізілгенін атап өтті.

ЭДУАРД СЕВЕРИН, ҰҚШҰ ПА БАЙҚАУШЫСЫ:

Бұл бүгін демалыс күні болғанына қарамастан, азаматтардың елдегі саяси үдерістер мен қоғамдық-саяси өмірге қызығушылық танытып отырғанын көрсетеді. Бүгінгі күн, бір жағынан, өзіндік емтихан болса, екінші жағынан, конституциялық реформалар, сайлау жүйесі мен Қазақстанның саяси жүйесіндегі өзгерістердің нәтижесін көрсететін күн. Осы тұрғыдан алғанда, енгізілген өзгерістер Қазақстанның одан әрі табысты, тиімді әрі тұрақты дамуына ықпал етеді деп айтуға болады.