Қарағанды облысындағы сайлау учаскелері нағыз мерекеге айналған. Кейбірінде дауыс берушілерге дәм ұсынылуда. Көшеде әділдіктің символы саналатын ерекше кейіпкерлер тұрғындармен суретке түсіп, көңілдерін көтеріп жүр. Халықтың белсенділігі жоғары.
БЛИЦ:
- Болашақтан көп жақсылық күтеміз ғой. Біз жас мемлекетпіз, біз тез дамып келе жатқан мемлекетпіз. Мемлекетіміз үлкен- үлкен алыптармен қатар жүретін солармен үзеңгі таластыратын елге айналсын деп тілеймін өзім.
- Сайлауға қатыстық. Әпкеміз Қарағандыда берді, Біз қазір Астанада береміз дауысты, ары қарай Түркістанға барамыз.Өте көңілдіміз.
- Біз өте қуаныштымыз осындай выборға келіп тұрған. Әділетті, жақсы өтуіне сенеміз. Халқымыз, жұртымыз аман- есен болсын.