Әжелер дауыс беруге ұлттық киіммен келді

Иа, Құрылтай Сайлауы мерекелік көңіл-күйде өтіп жатыр. Бас қалада ақжаулықты әжелер ұлттық киіммен келіп, салт-дәстүрді ұлықтауда. Тілшіміз Назерке Алтынбек тікелей байланыста. Назерке, ерекше дайындықпен келгендер көп пе?

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Иә, Ақбота, астаналықтар да таңнан бері дауыс беру учаскелеріне ағылып, белсенділік көрсетіп жатыр. Сондай-ақ мен қазір №503 сайлау учаскесіндеміз.  Мұнда ақ жаулықты қазақы киініп, салт-дәстүрімізді ұлықтап келген екен. Бүгін апаларымыз жұлдыз, жан-жақтан суретке түсіріп жатыр. Өздерімен сұхбаттасып көрейік. Сәлеметсіз бе, апа! Қалыңыз қалай?

ГҮЛБАРШЫН БЕКМАТОВА, "ТҰМАР" ЭТНО-ФОЛЬКЛОРЛЫҚ АНСАМБЛІ МҮШЕСІ:

- Сәлеметсіз бе, айналайын! Өте жақсы. Таңертеңнен бері осы жерде жүрміз. Халыққа сондай жақсы көңіл-күй сыйла жүрміз.

- Бүгін өте әдемі болып тұрсыздар, образдарыңыз да керемет! Қазақы киініп жастарға үлгі болып жүрсіздер

- Иә, біз әдейі осылай ауа-райына қарамай осы қазақы киімімізді киіп келдік. Жастарға үлгі болайық деп. Қашан да болсын еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын. Ал жастарымыздың болашағы жарқын болсын деп осы сайлауға келіп тұрмыз.

- Әумин! Айтқаныңыз келсін.

Елдің болашағы мен амандығы үшін ақ батасын берген үлкендеріміз бүгін таңдау жасау, келешек өміріміз үшін маңызды дейді және бүгін дауыс беруге келген халық әртістері мен өнер адамдарын да кезіктірдік.

НҰРҚАНАТ ЖАҚЫПБАЙ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ӘРТІСІ:

Бір палаталы Парламентке айналайын деп отырмыз, амандық болса. Іште бір қуаныш, өйткені адамда үміт деген бар ғой, жақсылықтар көп болады. Болашақ ұрпақтың мемлекеті болады, біздің немерелеріміз бақытты ғұмыр кешеді деп ойлаймын.

НАЗЕРКЕ АЛТЫНБЕК, ТІЛШІ:

Дауыс беру учаскесінде мерекелік көңіл-күй мен ерекше атмосфера сезіледі. Ал тұрғындар өз таңдауын жасауға асығуда. Ақбота, мендегі бар ақпарат осы, сөз кезегін өзіңізде.