Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы-драматург Роза Мұқанова да саяси науқаннан сырт қалмады. Ол елордадағы №305 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады. Қаламгер маңызды саяси науқан ел болашағына қатысты әр азаматтың жауапкершілігін айқындайтын сәт екенін атап өтті.
№305 сайлау учаскесінде дауыс беруге келгендерге ыстық бауырсақ ұсынылды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, халықтың белсенділігі жоғары. Ел болашағына бейжай қарамайтын тұрғындар маңызды сәтте өз таңдауын жасауға асықты. Ерте келіп, алғашқылардың бірі болып дауыс бергендердің арасында елге белгілі жазушы, драматург Роза Мұқанова да бар.
РОЗА МҰҚАНОВА, ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ, ЖАЗУШЫ:
Дәл бүгінгі күн, Құрылтай сайлауы тарихи кезең деп ойлаймын. Себебі бұл елдің жаңғыруы, жаңаруы. Үлкен бір жауапты белеске көтерілген сәті деп ойлаймын. Пікірталас алаңы болды. Сол алаңда партиялардың бағдарламаларымен халық толық бақылап отыр. Қазір халық өте сауатты. Өздерінің көңіліндегі, өздерінің ой төркінінде тұрған партияларды қолдайды.
Сайлаушылар үшін өз таңдауын жасау- азаматтық парыз. Әсіресе, бұл күннің маңызын терең ұғынатын аға буын өкілдері ерекше белсенділік танытты.
ҚАМАР БҮКЕТАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ:
Сағат 7-ден тұрып алғам. Дайыдалдым. Өзімнің борышым деп санаймын. Сондықтан келдім.
Сайлау учаскелері кешкі 8-ге дейін жұмыс істейді.