Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, 23 тамыз сағат 14:00-дегі жағдай бойынша елімізде 6 696 002 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 53,12%-ын құрайды.
Өңірлер арасында дауыс беруге қатысу көрсеткіші ең жоғары Қызылорда облысында – 64,22%. Одан кейін Абай облысы – 63,07%, Жетісу облысы – 62,89%, Қарағанды облысы – 62,79% және Ақмола облысы – 61,15% көрсеткішке ие.
Шығыс Қазақстан облысында сайлаушылардың 61,10%-ы, Ақтөбе облысында 60,87%-ы, Солтүстік Қазақстан облысында 58,63%-ы, Түркістан облысында 57,72%-ы дауыс берді.
Қалалар бойынша Астанада сайлаушылардың 40,92%-ы, Алматыда 30,36%-ы, Шымкентте 55,32%-ы дауыс беруге қатысты.
Қалған өңірлердегі көрсеткіштер:
- Алматы облысы – 54,57%;
- Атырау облысы – 54,49%;
- Батыс Қазақстан облысы – 50,21%;
- Жамбыл облысы – 50,58%;
- Қостанай облысы – 55,86%;
- Маңғыстау облысы – 50,65%;
- Павлодар облысы – 54,01%;
- Ұлытау облысы – 53,31%.
Сонымен қатар азаматтардың уақытша болатын орындарындағы 305 сайлау учаскесінде дауыс беру аяқталды.
Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 16:00-де жарияланады.